Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада.

26.01.2017

Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада.

 Көкшетау қаласында Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарының Алау Эстафетасы өз мәресіне жетті! 

Алау Эстафетасының бірінші кезеңі 26 қантар сағ. 10:00 М. Ғабдуллин ескерткіші алаңында бастауын алып, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ алаңында аяқталды. Алау жағудың салтанатты рәсімінен кейін Ақмола облысының әкімі С. В. Кулагин алауды эстафетаның бірінші алаугері – шаңғы жарысы бойынша халықаралық деңгейдегі спорт шебері Татьяна Осиповаға табыстады. 

Екінші кезең Ш. Уәлиханов атындағы КМУ алаңынан бастауын алып, «Көкшетау» МС алдында аяқталды. Эстафетаның соңғы кезеңінде алауды бокс бойынша ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, қазіргі әлем чемпионы Дина Жоламан жеткізді. Оған қоса Дина Жоламанға алауды Алматы қаласына жеткізу абыройы бұйырды. 

Алаугерлермен қатар Гуманитарлық-техникалық академиясының студенттерінен 20 шақты еріктілер Алау Эстафетасы барысында облыстық жастар ресурстық орталығы мен «Думан» педагогикалық жасағы ұйымдастырған флешмобқа қатысты. Эстафетаның соңы гала-концертпен аяқталды. Еліміз үшін бірегей әрі ауқымды іс-шара ерекше түрде өте жарқын болып өтті.

 

Тәрбие-ісі жөніндегі бөлімі


IMG_8661.JPG


IMG_8693.JPG


IMG_8711.JPG


IMG_8718.JPG


IMG_8735.JPG


IMG-20170126-WA0038.jpg




Возврат к списку