Мансап орталығы


  

Мансап орталығы - кәсіби шеберлікті бағалайтын, мақсат, даму, кәсіби жол, мансап сияқты ұғымдарға немқұрайлы қарамайтындар үшін; табыс, талант, даралықты құрметтейтіндер үшін.

 

Оқу орнының қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы жұмыс деңгейі мен сапасы, ең алдымен, бітірушілердің еңбек нарығында сұранысқа ие болуымен, олардың бәсекеге қабілеттілігімен және кәсіби мансапты құрудың табыстылығымен анықталады. Осы міндеттерді шешу үшін Гуманитарлы-техникалық академияда орталығы құрылды.

 


 

Мансап орталығының негізгі міндеттері

 

·                академияның студенттері мен түлектеріне мансап пен жұмысқа орналасуда көмек көрсету;

·                студенттердің оқу, өндірістік және диплом алдындағы практикасын өткізуге жәрдемдесу;

·                түлектерді тікелей жұмысқа орналастыру бойынша Академияның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;

·                оларды оқыту мәселелерін шешу кезінде мамандарға деген ғылыми негізделген қажеттілікті және одан әрі жұмысқа    орналасу мүмкіндігін анықтау;

·                ГТА түлектерін бөлу және жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру жүйесін әзірлеу •

 

Бөлім қызметі:

Қойылған мақсаттарға жету үшін орталықтың атқаратын қызметтері былайша бөлінеді:

·                түрлі ұйымдар мен кәсіпорындармен өзара тиімді жағдайларда ынтымақтастық туралы шарттар (меморандумдар) жасайды;

·                осы бейіндегі мамандарға қажеттілікті анықтау мақсатында министрліктермен және ведомстволармен, мемлекеттік ұйымдармен және мекемелермен байланыс орнатады;

·                бос жұмыс орындары жәрмеңкесін дайындау және өткізу;

·                тұлғааралық қатынастар, жеке өсу және өзін-өзі анықтау мәселелері, жұмыс орнында бейімделу және бекіту тәсілдері, нарықтық жағдайда жұмыс іздеу технологиясын жетілдіру, түйіндеме жасау және әңгімелесуден өту бойынша жас мамандар мен студенттер үшін тренингтер мен курстар ұйымдастыру және өткізу;;

·                түлектерді бөлу рәсімін ұйымдастырады;

·                 академия қабырғасында білім алу барысында олардың тілектерін ынталандыру үшін студент жастармен кездесу ұйымдастыру

 

 

 

 

Гуманитарлы-техникалық академия түлектерін жұмысқа орналастыру статистикасы

 

Бітірген жылдапы

Шығарылған мамандардың саны

Жыл ішінде жұмысқа орналасқан түлектер саны

Оның ішінде ауылдық жерде жұмысқа орналасқандар

жұмысқа орналасқан түлектер %

2010-2011

466

445

104

96

2011-2012

524

486

132

93

2012-2013

570

555

146

97