АКАДЕМИЯ ТУРАЛЫ

26 жыл Қазақстан Республикасының білім беру нарығында  

 

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасы  экономикалық дамуда, азаматтардың әл-ауқаттарын арттыруды қамтамасыз етуде әсерлі табыстарға  қол жеткізді. Қазақстандағы бірізді түбегейлі өзгерістер жоғары білім нарығының дамуына жағымды әсер етті. Республика  халықаралық білім беру кеңістігіне ену бойынша сенімді қадам жасады.

Елімізде тұңғыш жеке меншік жоғары оқу орындары КСРО құлдырауынан кейін өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында  пайда бола бастады. Қазақстанда жоспарлы экономикадан экономиканың жаңа түрі  нарықтық экономикаға өту қажеттілігі туындаған кезде жаңа бағыттағы, әсіресе экономикалық бейіндегі мамандар қажеттілігі сезілді. Республикада нарықтық экономика мамандықтары туралы ұғым болған да емес.

Қазақстан нарығын жаңа форматтағы мамандармен толықтыру мақсатында 1992 жылы «Қазақстан-Солтүстік» АҚ президенті Пак Владимир Юн-Диновичпен инновациялық білім беру жобасы аясында  Көкшетау экономика және менеджмент институты (КЭМИ) ашылды.  Еліміздің тұңғыш бес мемлекеттік емес жоғары оқу орындары қатарында оған білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия берілді. Құрылған сәттен бастап жоғары оқу орны  жоғары сапалы білім беру қызметін көрсету сияқты басым мақсатты анықтады. Осыны ұстана отырып, 1995 жылы АҚШ-қа  біздің студенттеріміздің алғашқы сапары басталды. Осы жылы бізге  американдықтардың жаппай келуі және біздің оқытушылардың АҚШ–қа тағылымдамадан өткуіне алғашқы сапарлары басталды. 

Жоғары оқу орнында алғашқы жылдары студенттерге экономикалық білім берумен  экономика және менеджмент кафедрасы айналысты. Одан кейін математика және информатика, тілдер, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедралары ұйымдастырылды. 1996 жылы ректор, э.ғ.д., профессор Б.Ғ.Жүнісовтің ұйымдастыруымен «Қаржылық менеджмент және есеп» кафедрасы құрылды. Осыдан кейін жоғары оқу орнында «Экономика және менеджмент» мамандығымен байланысты жаңа мамандықтар ашылды.

1998 жылы «Қаржы және несие», Маркетинг және коммерция» «Экономикадағы ақпараттық жүйелер» мамандықтарының ашылуымен Менеджмент және кәсіпкерліктің жоғары колледжі Көкшетау экономика және менеджмент институтына айналды.  Осы жылы Солтүстік Қазақстан өңірінде «Экономика» мамандығы бойынша магистратура ашылды. Дәл осы жылы институт бірінші мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті. 

1999 жылы институт Солтүстік Қазақстанда бірінші болып қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқыту курсын ашты, бұл ұқсас мамандықтар бойынша колледж және экономикалық  емес жоғары оқу орындары түлектеріне  жоғары экономикалық білім алуға мүмкіндік берді.  

2000 жылы  институт Ақмола облысында бірінші болып әскери кафедрада офицерлерді дайындауды бастады.

2003 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институты Мемлекеттік аттестаттаудан екінші рет сәтті өтті.  

"Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 20 каулысына  сәйкес 2004 жылдың маусым айында  Қазақстан Республикасының барлық жоғары оқу орындарының  күндізгі оқу бөлімдерінің 2 курс студенттері  Білім алушыларды аралық аттестаттаудан(бұдан әрі - БАА)  өтті. Институт бұған дайындалу үшін көп жұмыстар атқарды. БАА тапсыру бойынша орта балл 72,7 құрады, КЭМИ еліміздің экономикалық аммандықтары бойынша 136 жоғары оқу орындарының арасында БАА бойынша 6 орынды иеленді (// Казахстанская правда, 2004, №165(24475), 6 б.). Кейінірек Білім алушылардың аралық аттестаттауы Мемлекеттік аралық бақылауға(бұдан әрі – МАБ)  өзгертілді.

2004 жылдың қыркүйек айында институт оқыту үрдісін кредиттік оқыту жүйесін ұйымдастыруға көшті, бұл дараландыру негізінде білім алушылардың өздігінен белсенді жұмыс істеуіне жағдай жасайды, кредит түрінде білім көлемінің есебін және оқу үрдісін реттемелеу аясында жеке білім беру траекториясын таңдауын қамтамасыз етеді. Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім берудің кредиттік технологиясын енгізу білім берудің ұлттық жүйесін реформалауда әлемдік беталысын тудырды, студенттермен, оқытушылармен, мамандармен академиялық алмасу, сонымен бірге алған дипломдардың конвертациялануы, еңбек нарығында біздің білім алушылардың талап етілуі  үшін қажетті жағдайлар жасалады. 

2004 жылы КЭМИ-дің профессорлық-оқытушылық құрамына оқу және әдістемелік қызметте де көп жұмыс істеуіне тура келді. Кредиттік жүйедегі оқытушы тек қана білім беріп қана қоймай, бастысы студенттерді білімді, білік-дағдыларын қалай алуға болатынын үйретеді. Институт бойынша үлгерімдері оқыту сапасына талаптардың артқанын, білім алушылардың  өзіндік дайындығының рөлін, студенттердің сабаққа біршама шындап кіріскенін көрсетеді. Үлгерімдерінің орта балы арта түсті.

2005 жылы институт МАБ бойынша Қазақстан Республикасының148 экономикалық жоғары оқу орындары арасында 6 орынды иеленді (орта балл – 81,1). 2006 жылы МАБ орта баллы  90,3;  2007 ж.. - 87,47; 2008 ж..– 85,6; 2009 ж.-88,3; 2010 ж. – 92,8; 2011 ж. – 103,2 теңелді.   2012 жылы академия түлектері Оқу жетістіктерін сырттай бағалаудан (ОЖСБ) өтті және жақсы нәтижелер көрсетті.  Бұл жоғары көрсеткіштер академияның еліміздің үздік экономикалық жоғары  оқу орындары арасындағы мықты беделін  растады.   2007 жылы Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімімен және «Ақмола облысы жастар қауымдастығы» ЗТБ—мен білім беру сапасы бойынша облыстың 17 жоғары оқу орны және орта кәсіптік білім беру орындарының 350 сауалнама жауап берушілері арасында әлеуметтік сауалнама өткізілді.  КЭМИ облыстың жоғары оқу орындары арасында сенімді түрде бірінші орынды иеленді.  (//Степной маяк, 2007, №13 (13915)  29 наурыз, 6 б.; //Жастар дауысы, 2007,сәуір).

2008 жылы үшінші рет мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті.

2009 жылы  жаңа мамандықтар ашылды:

- Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;   

- Бағалау

 - «Дағдарыс-менеджмент» мамандандыру

2011 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі саласындағы бақылау  комитетінің 2011 жылдың  4-тамызындағы №718 бұйрығымен Көкшетау экономика және менеджмент институты Гуманитарлы-техникалық академия (ГТА) атауына  өзгертілді.  Оның білім беру қызметінің басты міндеті білім берудің жаңа әдістері мен оқу құралдарын пайдаланумен нарықтық экономика саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау болып табылады.

2012 жылдан бастап академия түлектері Оқу жетістіктерін сырттай бағалаудан(ОЖСБ)  өтті. Оның нәтижелері жоғары болды, бұл академияның еліміздің солтүстігіндегі үздік  экономикалық жоғары оқу орындарының қатарында мықты беделін растауға мүмкіндік берді.

2013 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі саласындағы бақылау  комитетінің шешімімен академия «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде білім беру қызметіне тіркелуден өтті.  Осы жылы академия төртінші рет Мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті.  

Гуманитарлы-техникалық академияның (ГТА) 26 жыл қызметі – жоғары оқу орнын дамытудың үлкен мерзімі емес. Сонымен қатар, өткен жолын, жеткен нәтижелерін қорытындылау, оқу үрдісін жетілдіру жолдары бойынша одан әрі дамыту келешегін айқындауға болады. Қазақстандағы жеке меншік жоғары оқу орындарының дәрменсіздігі туралы қараңғы болжамдарға қарамастан, академия өзінің үлесіне тиген қиындықтар мен сындарға төтеп қана бермей, сонымен бірге Қазақстанның солтүстігінде өз есімін нақты айқындап берді.

Осы уақыттар ішінде КЖМКК, КЭМИ, ГТА келесі ректорлар басқарды:

- 1992 – тарих ғылымдарының кандидаты Шарипов Марат Хатипович;

-1993 – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Зырянов Виктор Владимирович;

- 1993-1995 жж. -  Басараб Светлана Анатольевна;

- 1995-1996 жж. -  экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Карамзин Николай Александрович;

- 1996-1997 жж. – экономика ғылымдарының докторы, профессор Жунусов Бақыт Газизович;

- 1997-2002 жж. – педагогика  ғылымдарының кандидаты, доцент Иванкова Наталья Владиславовна;

- 2002-2004 жж. - педагогика  ғылымдарының кандидаты, доцент Кривошеев Валерий Павлович;

- 2004 ж. осы уақытқа дейін - экономика ғылымдарының докторы, профессор Аюлов Абильмажин Мусаипович.

Жоғары оқу орны құрылған сәттен бастап ЖБТП кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының  профессор Платоненко О.М қызмет атқарып келеді. Жоғары оқу орнында 22 жылдан астам  академия ректоры, э.ғ.д., профессор Аюлов А.М., 20 жыл  - қаржы директоры Богомолова А.А., ГТА президентінің істерін басқарушы  Труш В.А.,   17 жылдан аса – заңгер, экономика магистрі  Забытин С.С., қызметкер Варава М.М.еңбек етіп келеді.

Академиядағы оқу үрдісі жаңа білім беру бағдарламаларын енгізуге, компьютерлендіруге және ақпараттандыруға, оқытудың жаңа техникалық құралдарын қолдануға және оқу жетістіктерін бақылауға бағытталған.

Бүгінде академия кафедраларының білім беру қызметі әр түрлі әдістердің үйлесуіне құрылған, әсіресе классикалық оқыту(дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар және т.б.), сонымен қатар студенттердің өздігінен білім ізденуіне бағытталған оқытудың интерактивтік технологиялары –проблемалық дәрістер, конференциялар, кейс-стади, шағын топтардағы жұмыстар, психологиялық тренингтер және т.б. Оқу үрдісінде оқытудың келесі  білім беру бағдарламалалық құралдары пайдаланылады:  

- бухгалтерлік есеп, талдау және аудиттің автоматтандырылған ақпараттық технологиясы;

- қаржылық жоспарлау және инвестициялық талдаудың ақпараттық технологиясы;

- «1С- Бухгалтерия» автоматтандырылған ақпараттық бағдарламасы. .

Академияның барлық кафедралары жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құраммен толық жасақталған.  Академияда Көкшетау қаласының құрметті азаматы (Жүнісов Б.Ғ.),  «Қазақстан Республикасының білім беру саласының  құрметті қызметкері» белгісінің  3 иегері (Пак В.Ю., Аюлов Ә.М., Жүнісов Б.Ғ.), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісінің 1 иегері (Әділбеков Д.З.), 3 академик, 8 ғылым докторы мен профессорлары, 35 ғылым кандидаты мен доценттері, 30 астам ғылым магистрі жұмыс істейді.   Академияның жетекші ғалымдары – экономика ғылымдарының докторы, профессор Аюлов Ә.М., экономика ғылымдарының кандидаттары, профессор Савченко И.П., доцент Каримов Б.К – өздерінің ғылыми еңбектерімен тек қана Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар жақын шетелдерге де әйгілі.

Соңғы үш жылда академияның құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері және 50 оқытушысы «Кейс-әдісі. Оқу үрдісінде қолдану  технологиясы», «ЕСТ типі бойынша кредиттерді қайта сынаудың қазақстандық моделі», «Кәсіби бухгалтерлердің курстары», шағын және орта бизнес кәсіпорындарына арналған қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары»  бағыттары бойынша Қазақстанның және ТМД елдерінің жетекші оқу орындарында өз біліктіліктерін арттырды.

Қазіргі уақытта академияның өзінің ғимараты, спорт және акт залдары, оқу- баспа орталықтары, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне бай кітап қоры бар кітапханасы, бес компьютерлік сыныбы, халықаралық компьютерлік байланыс орталығы, Интернет-сыныбы, ыстық тамақпен қамтамасыз етілген буфеті бар.  ГТА  оқу үрдісін ақпараттық қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі,  INTERNET желісіне шығатын заманауи компьтерлермен жабдықталған бес сыныбы бар. Компьютерлік техниканың саны мен сапасы ЭЕМ пайдаланумен байланысты  сабақтардың барлық түрлерін толық  өткізуге мүмкндік береді.

Соңғы уақытта қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми ынтымақтастық нығая түсті, академия «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті» РМК, Ницца София Антиполис университетімен(Франия), Е-порталға арналған қашықтықтан оқыту бойынша қоғамымен(Германия), Каунасс техникалық университетімен(Литва), Орал федералдық университетімен, Санкт-Петербург мемлекеттік теңіз техникалық университетімен, Воронеж мемлекеттік техникалық университетімен Бүкілресейлік сырттай қаржылық-экономикалық институтымен (Мәскеу), П.А.Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университетімен, Омбы мемлекеттік сервис институтымен, Омбы гуманитарлы академиясымен, Түмен мемлекеттік мұнай-газ университетімен, П.П.Ершов атындағы Ишим мемлекеттік педагогикалық институтымен, Бішкек қаржы және экономика  академиясымен(Қырғызстан), К.Тыныстанов атындағы Ыстықкөл мемлекеттік университетімен(Қырғызстан), ҚР Үкіметі жанындағы қырғыз мемлекеттік құқық академиясымен (Қырғызстан), Түрікмен мұнай және газ мемлекеттік институтымен, Түркімен мемлекеттік энергетика институтымен, Баден-Вюртемберг Экспорт академиясымен(Германия), Сібір бизнес және ақпараттық технологиялар институтымен(Омбы қ.) және басқалармен келісімшарт негізінде байланыс ұстайды

TEMPUS  бағдарламасының алтыншы конкурсының қорытындысы бойынша білім беру, дыбыстық-бейнелік құралдары мен мәдениеті бойынша Атқарушы Агенттіктің шешімімен 2013 жылдың қазан айында Еуропалық комиссияның қаржыландыруға арналған  Қазақстандық жоғары оқу орындарының қатысуымен тоғыз жаңа жоба таңдап алынды. Жобалардың бірінде Гуманитарлы-техникалық академия қатысты. Жоба атауы: 544601- TEMPUS -1-2013-1- DE -  TEMPUS - SMGR  «»Орталық Азияның жоғары оқу орындарында E - Learning жүйесінде сапа менеджметін енгізу». Жобаның үйлестірушісі:   Fachhochschule des Mittelstandes  (Германия). Гуманитарлы-техникалық академиядан жобаның ғылыми жетекшісі э.ғ.д., профессор Аюлов А.М.болып табылады.

Академия құрылтайшысы Пак Владимир Юн-Динович әлеуметтік шараларды қаржыландыру, тұрмысы төмен, белсенді және талантты студенттерге(үздік оқуы, қоғамдық өмірге қатысуы) көмек көрсету бойнша қолдау көрсетуді жүзеге асырады. Жыл сайын 300 астам білім алушыларға оқу ақысына жеңілдіктер беріледі. 

Соңғы 26 жыл ішінде ұлттық экономика кадрларын даярлау ісінде біршама жұмыстар атқарылды. Күндізгі оқу бөлімінде 23 және сыртқы оқу бөлімінде 20, магистратурада 18  рет түлектер шығарылды. Осы жылдары бакалавриат және магистратура түлектерінің саны 7600-ден асты. Гуманитарлы-техникалық академия(КЭМИ) түлектері ұлттық экономиканың әр түрлі секторларында, атап айтсақ, компанияларда, кәсіпорындар мен фирмаларда, қызмет көрсету салаларында, қаржы мекемелерінде өздерінің кәсіптік қызметтерін сәтті жүзеге асырып келеді. Әр түрлі көлемдегі мемлекеттік құрылымдарды басқарады, ірі кәсіпорындар мен фирмаларға жетекшілік етеді.

Магистратура түлектері Бекенов Н.Ж., Ақмола облысының тексеріс комиссиясының төрағасы,  Мустафин М.К., Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі,  Малгаждаров Б.Б., Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімі, Бейсенов С.К., Ақмола облысының қазынашылық департаментінің басшысы,  Калманбаев К.Ж., «Тыныс» АҚ-ның бас директоры, Галлямов Р.Ф.,  Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Городецкий В.В., «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ» ӘТВЕО Ақмола филиалының  директоры,  Каленова С.А., Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары, Казбеков Е.К., СҚО Айыртау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, Пойманов А.М., Астана қ. бойынша «Ксеll»  АҚ филиалының директоры,  Оразалы А.К., Қостанай қ. халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы,  Жанахметов Б.Т., СҚО Айыртау аудандық мәслихатының хатшысы, Жантемиров А.С., Ақмола облысы Целиноград ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, Оразбаев М.М., СҚО Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, Богомолова А.А.,Гуманитарлы-техникалық академияның қаржы директоры,  Мащинская Е.И., Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Той Дастархан» ЖШС-нің директоры,   Аленов А.Б., Ақмола облыстық тері-венерологиялық диспансері» МҚКК бас дәрігері, Джумабеков М.К., Ақмола облыстық жұмыс берушілер одағының төрағасы, Аккошкаров М.М., начальник АХО ТОО ҚазАтомПром «Байкен -U » ЖШС АШБ бастығы,  Хусаинова  К.П., Көкшетау гуманитарлы-техникалық колледжінің директоры, Оразбаев М.Х., «Көкше-Нан» ЖШС-нің, бас директоры, Богомолов Д.Е., Жаңа технологияларды енгізу бойынша Гуманитарлы-техникалық академиясы президентінің көмекшісі,  Шайменова М.Ш., «АТФ Банк» АҚ Қостанай филиалының директоры, Аюлов Р.А., «Цеснабанк» АҚ Ақмола филиалы директорының  операциялық қызмет жөніндегі орынбасары, Таласбаев Д.А., Ақмола облысы ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары,   Айдарбеков Р.Д., «Цеснабанк» АҚ Ақмола филиалының бизнес–клиенттері бойынша директордың орынбасары және т.б. 

Жоғары экономикалық білімді Аяганов С.К., Қазақстан Респпубликасы Парламентінің экс-депутаты Ақмола облыстық ауруханасының дәрігері,  Айнабеков Е.Т., Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешені мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы, Беспалинов Б.М., Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Касенов С.Р., «Ауылшаруашылығы бойынша Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» ММ басшысы,  Амангельдиев Т.Я., Астана қаласының Қорғаныс істері бойынша департаментінің бастығы, Садвакасова Г.А.,  Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімі, Исмагамбетов А.С., Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкімі, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Шайкенов Б.М., Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары,  Серикпаев Н., Қазақстан Республикасы Бас прокуроры басқармасының бастығы,  Махат А.М., «Солтүстік Қазақстан облысы жылжымайтын иүлік бойынша орталығы» РМКК директоры, Какенов С.К., Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты, Көкшетау қалалық ауруханансының бас дәрігері, Мухамедиев Е.Д., Ақмола облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері,  Калымжанов С.К., Ақмола облыстық қан орталығының бас дәрігері, Сабатаева Г.З., Көкшетау қалалық емханасының бас дәрігері, Исин Э.А., ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің кадрлар және әкімшілік жұмысы басқармасының басшысы, Дуйсенов А.Х.,  Степногорск қ. емханасының бас дәрігері Тусупбеков А.К., Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасының ҰЭМ ТҚҚК ҰСО» ШЖҚ РММ  директорының орынбасары,  Садвакасова С.С., СҚО Айыртау аудандық ауруханасының бас дәрігері,  Калиев Е.С., Айыртау балалар үйінің директоры,   Хамзин Т.Г., Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары,  Айткожин К.К., «Ауылшаруашылығы бойынша Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» ММ басшысының орынбасары, Амренова А.Б., Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары,  Абулкаирова Г.А., СҚО Айыртау ауданы әкімінің орынбасары,  Дышкант Н.Г., Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық қаржы бөлімінің бастығы,  Баймульдина М. О., СҚО Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы, Тукеев М.М., «Оқжетпес» БЖФМ-нің директоры, Бейсембаев У.Б.,СҚО Тайынша п.әкімі, Габдулов М.Х., СҚО Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Дружбинское ауылдық округінің әкімі,  Сулейменов Д. К., СҚО Айыртау ауданы Елецкий ауылдық округінің әкімі, Абильмажин Ж.Т., Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің директоры, Крайнева Е.В., Степногорск қ. №2 аймақтық индустралды-техникалық колледжінің директоры, Абишева С.К., Ақмола облысы бойынша «Даму»қорының аймақтық филиалының директоры,  Сахненко Е.В., «ForteBank» АҚ Көкшетау филиалының директоры,   Карапиди С.Н., «Банк Хоум Кредит» Көкшетау қ. «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ филиалының директоры,  Пилипенко Е.Г., «Тыныс» АҚ қаржы және экономика жөніндегі бас директорының орынбасары, Кожантаев Н.А., «Цеснабанк» АҚ Щучье филиалы директорының орынбасары, Исмагулов Р.Т., Ақмола облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі және т.б.

Академияның бакалавриат және магистратура түлектері Солтүстік Қазақстанның бизнес-құрылымдарында ірі фирмаларды басқарып жүр. Атап айтсақ: Абажанов Ж.К., «Айыртау мұнай базасы» ЖШС-нің директоры, Акылбеков Б.С.,  Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Көкшетау-Энерго» ЖШС-нің директоры, Коваленко В.М., Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «Раисовское» ЖШС-нің директоры, Ерболов К.А., «Жер-Ана» Агрофирмасы» ЖШС-нің директоры, Умиргалиев Е.К., «Алуа-Строй» ЖШС бас директоры, Жолумбетов Е.Н., Ақмола облысы мемлекеттік жеке меншік серіктестігінің аймақтық орталығы» ЖШС директоры, Толкайлов О.В.,   «Қазақстанның жас депутаттар қауымдастығы»РҰ төрағасы, Аюлов М.М., «Арықбалық»  ЖШС-нің директоры, Жуманалин С., «Намыс»ҚФ ЖШС-нің директоры, Оразбаев А.Х., «Агрокомплектмонтаж»,  Гудымяк И.Н., «Кокше Компютерс» ЖШС-нің директоры, Толмачев М.А., «Прогресс» ҮЕҰ «Технопарк» АҚ тұңғыш вице-президенті, Байгожин Е.О., МедСтомСервис» ЖШС-нің директоры, Овчаренко В.А., «Тайынша-энерго» ЖШС-нің директоры, Дягтерев С.С., «Incom -  servise»ЖШС-нің директоры  және т.б..

Қазіргі уақытта академия магистратура және бакалавриаттың 11 мамандығы бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырып отыр. Экономист мамандығы әлі күнге дейін Қазақстанда неғұрлым беделді және сұранысқа ие мамандық болып табылады.

Алайда табысқа масаттану - таңдаулылардың еншісі. Көрнекті ағылшын экономисі  Дж. Кейнс экономика туралы: «…пән жеңіл, алайда онда табысқа жетуші аз. Нағыз экономист, өз саласында сарапшы, түрлі дарындарды иеленуі тиіс — белгілі бір дәрежеде . . . математик, тарихшы, мемлекет қайраткері, философ болуы керек...» -деген.

Қазіргі жағдайларда  экономист, қаржыгер, есепші – еңбек нарығында талап етілуші мамандықтар.  Олардан ұйым қызметінің тиімділігі ғана емес, сонымен қатар оның одан әрі де жұмыс істеу мүмкіндігі де байланысты. Сондықтан да біздің академияның ұсынылған мамандықтарына әлі күнге дейін  қызығушылық көп.

Қазіргі уақытта әлемде қоғамдағы білімнің рөлі мен мағынасына көзқарас өзгерді. Дамыған мемлекеттер білімсіздік және мәдениеттсіздік берекесіздік  деген қорытындыға келді. Демократиялық бағытталған дамыған елдерде кедейлік пен зияткерлік білім тікелей байланысты деген ұғым бар, ел неғұрлым кедей болса, қоғамның зияткерлігі де сонша төмен. Жаһандану, жұмыс күшінің халықаралық көші қоны үрдістері, Қазақстанның Кеден одағына  және басқа да  беделді халықаралық ұйымдарға қатысуы, Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру, еліміздің саяи және экономикалық өміріндегі динамикалық өзгерістер білім беру қызметінің бәсеке қабілеттілігін арттыра түседі.

Басқа да мемлекеттік және жеке меншік жоғары оқу орындарының тарапынан бәсеке қабілеттілігі жағдайларында Гуманитарлы-техникалық академия өз білім алушыларының білімберу және тәрбиелеу мәселелрін анықтап, шеш алады. Білім беру қызметін жетілдіру бойынша жүйелі түрде іс-шаралар өткізіп тұрады. Жоғары оқу орнында  нарықтық жағдайға тез  бағытталуға қабілетті мамандардың білім, білік дағдылары, туындаған мәселерді құзіретті шешу, қажетті бастаманы білдіру, шығармашылық ой  талаптары қатая түсті.

Жоғары білім беру нарығын қалыптастыру мен дамытудың 26 жылы ішінде Гуманитарлы-техникалық академия тек қана өзін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар  мамандарды даярлау сапасын жақсарту, оларды Қазақстан Республикасының еңбек нарығында бәсекеге қабілетті қылып көрсете алды.

 

Гуманитарлы-техникалық академияның ректоры,

Қазақстан Республикасы білім беру саласының

                                 құрметті қызметкері, экономика ғылымдарының

 докторы, профессор А. М. Аюлов