ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СҰРАҚТАР

 

Оқу орнына түсу бойынша жалпы сұрақтар:

     

1. Жалпы ережелер

2. Кешенді тестілеуді өткізу

3. Жоғары оқу орындарына қабылдау

  


1. Жалпы ережелер


           Академияға түсуші тұлғаларды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің(КТ) нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беру  ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарының бітірушілері, ҰБТ-ға қатыспаған, халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орнын шетелде бітірген тұлғалар үшін өткізіледі.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар (колледж) тұлғаларды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзім бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Жоғары білімі бар азаматтарды ақылы негізде қысқартылған мерзімде оқуға қабылдауды оқу орнының  Қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

 

 

Жоғары



       2. Кешенді тестілеуді өткізу

 

 Кешенді тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалық жоғары оқу орындары) өткізіледі.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы органдарға ведомстволық бағынышты жоғары оқу орындарына түсетін тұлғаларды кешенді тестілеу тұлғаның таңдаған жоғары оқу орны бекітілген базалық жоғары оқу орнында өткізіледі.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін түсуші Қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш, аттестат немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек, 3х4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды 20 маусым  мен 9 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.

Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі.

Кешенді тестілеу түсушілердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән: мемлекеттік тіл немесе орыс тілі(оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша өткізіледі.

ҰБТ және кешенді тестілеулің бейіндік пәндері мен таңдау пәндері көрсетілген мамандықтар тізімі білім беру уәкілетті органмен бекітіледі.  

Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыруға жол берілмейді.                                                     

                                                                                        Жоғары



3. Жоғары оқу орындарына қабылдау


              Студенттер қатарына қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары 10-25 тамыз аралығында өткізеді

 Оқуға түсушілер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжатын (түпнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу  сертификатын, сондай-ақ білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.

Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға тестілеу нәтижелері бойынша мынадай пәндерден: мемлекеттік немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен кемінде 70 балл, ал басқа оқу орындарына кемінде 60 балл, оның ішінде: мемлекеттік тіл немес орыс тілі(оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика  және бейінді пәннен кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), л қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинаған түлектер қабылданады.

ҰБТ немесе кешенді тестілеу шеңберінде тапсырылған пәндердің біреуінен 4 балдан кем жинаған тұлғалардың ақылы негізде оқуға қабылдануына немесе білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуына жол берілмейді.

Қабылдау мамандықтар және тілдік бөлімдер бойынша жеке жүргізіледі. 

Жоғары

Буклет орысша вариант жуктеу

Буклет қазақша вариант жүктеу